Бамбл кофесі (ағылш. bumble coffee) — эспрессо мен апельсин шырыны негізінде жасалатын қуаттандыратын сусын. Оны дайындаудың көптеген нұсқалары бар: бамблды суық және жылы, даршын мен карамель шәрбатымен, фрешпен немесе тетрапакеттегі шырынмен ішуге болады.
Неліктен бамбл кофесі осылай аталады? Оны дайындаған кезде кофе мен шырын қабат-қабат салынады, және де сарғыш және қоңыр түстердің үйлесуіне байланысты коктейльдің түсі түкті араның түсіне ұқсайды. Ағылшын тіліндегі «түкті ара» bumblebee деп аударылады — сондықтан сусынның атауы осындай. Бұл мақалада біз коктейльдің пайда болу тарихы мен оның түрлендірмелері туралы, сондай-ақ NESCAFÉ® еритін кофесінің негізінде бамбл кофесін үйде қалай дайындау керектігі туралы айтып береміз. Оқыңыз және бізбен бірге тәжірибе жасаңыз!