Компанияның пайда болуы
1929 жылы Nestlé компаниясына қиын тапсырма берілді — Уолл-стриттің күйреуі нәтижесінде пайда болған Бразилиядағы кофе дәндерінің артық мөлшерін сақтауға көмектесу. Nestlé компаниясы бұл мәселені қабылдады.
Біздің кофе маманымыз Макс Моргенталер жай ғана су қосу арқылы дәмді кофе алу жолын іздеді. Макс және оның командасы кофенің табиғи дәмін сақтайтын еритін кофе жасаудың жаңа әдісін табу үшін көп жұмыс жасады. 1938 жылы шешімі табылды — осылайша NESCAFÉ® кофесі пайда болды. Бұл атау Nestlé-нің алғашқы үш әрпі мен café сөзінің тіркесімі арқылы жасалған. NESCAFÉ® кофе тарихындағы жаңа есімге айналды.